Служба спасения студентов
Служба спасения для студентов

6-7 жастағы балалардың мектепке бейімделуін психологиялық қолдау

Стоимость
2700 руб.
Содержание
Теория + Практика
Объем
89 страниц лист.
Год написания

Описание работы

Работа пользователя Toleubaeva_m98
  • сынып оқушыларының мектепке бейімделу мәселесі барлық кезеңдерде де өзекті болды және өзекті болып қала бермек, себебі бала – еліміздің болашағы. Қай халықты алмасақ та үмітін ең алдымен ұрпағынан күтері хақ. Бала бұл елдігіміздің, ұлтымыздың болашағы. Еліміздің гүлденіп, көркеюі, алдыңғы қатарлы дамыған елдер қатарына қосылуы да осы бүлдіршін балалардың қолында. Білімді, сауатты, психологиялық және физиологиялық дені сау ұрпақ қана осы мақсатқа жете алады. Қазіргі заманғы білім беруді жаңғыртудың маңызды міндеттерінің бірі де осы оқушылардың психологиялық денсаулығын сақтау және нығайту болып табылады. Осы орайда Еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында былай: «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деген еді [1]. Ал білімді, дені сау ұрпақтың болуы мектеп қабырғасынан басталатыны сөзсіз.
Мектепте оқуды бастау – әлеуметтік-психологиялық және физиологиялық тұрғыдан балалардың өміріндегі ең күрделі және жауапты сәттердің бірі. Бұл тек адамның өмірі мен іс-әрекетінің жаңа жағдайлары ғана емес – бұл жаңа байланыстар, жаңа қатынастар, жаңа міндеттер. Баланың бүкіл өмірі өзгереді: барлығы оқуға, мектепке, мектеп істері мен қамқорлығына бағынады. Бұл өте қиын кезең, ең алдымен, мектепте алғашқы күннен бастап оқушылардың алдына өз тәжірибесімен тікелей байланысты емес бірқатар міндеттер қойып, зияткерлік және физикалық күштерді барынша жұмылдыруды талап етеді. Мектепте оқудың басталуымен ұзақ қозғалмауға байланысты жүктемелердің үлес көлемі ұлғаяды (6-7 жастағы балалар үшін бұл жүктеме өте қиынға соғады). Баланың мектепке бейімделуі бірден болмайды, бұл ағзаның барлық жүйелерінің айтарлықтай кернеуіне байланысты ұзақ процесс.
Мұғалімдер мен оқушылардың ата-аналарының бірлескен мақсатты, арнайы ұйымдастырылған іс-әрекеті бейімделу үдерісіне ықпал етеді. Ал педагогикалық үдерістің қалған қатысушылары осы проблеманы шешуге тартылмайды, көбінесе пассивті бақылаушылар немесе тыңдаушылар ретінде әрекет етеді. Нәтижесінде мұғалімдер мен ата-аналар баланың мәселелерін түсінуге және шешуге психологиялық дайын емес.
Шетелдік ғалымдардың ішінде Ж. Пиаже балалардың ортаға бейімделу мәселелерін оның интеллектуалдық дамуы шеңберінде қарастырды [2].
Бірінші сынып оқушыларының бейімделуін психологиялық қамтамасыз ету мәселесін педагогикалық және жас ерекшелік психологиясы аясында ресейлік психолог-ғалымдар (И.В. Дубровина [3], М.Р. Битянова [4], Н.И. Гуткина [5] және т.б.) жан-жақты қарастырды.
Бастауыш сынып оқушыларының мектепке бейімделу ерекшеліктеріне арналған Г.М. Чуткина [7], Л.А. Венгер [8], В.С. Мухина [9] зерттеулері және қазақстандық психолог-ғалымдар З.Қ. Орманованың қазақ мектептеріндегі психологиялық қызметтің ерекшеліктері, М.О. Есембаеваның бейімделу кезеңіндегі бастауыш мектеп оқушыларында туындайтын психологиялық мәселелер атты еңбектері 6-7 жастағы балалардың мектепке бейімделуінің түрлі психологиялық-педагогикалық аспектілерін зерделеуде маңызды орын алады.
Алайда бұл көп қырлы мәселе болғандықтан, ғылымның әртүрлі саласындағы ғалымдар қарастырғанымен де, әлі күнге дейін түбегейлі зерттеліп болған жоқ.
Бастауыш мектепте бірінші сынып оқушысын оқыту және тәрбиелеу барлық білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Оқудың ерте басталуы, оқу бағдарламасын қарқындату, ақпарат көлемін, білім беру талаптарын арттыру, балалардың ақыл-ой қабілеттерін дамыту, құрдастарымен және мұғаліммен қарым-қатынасты орнату олардың жеке мүмкіндіктерімен әрдайым үйлесе бермейді. Бұл жан-жақты тұлғалық, интеллектуалдық және шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру міндеті мен балалардың денсаулығын сақтау қажеттілігінің арасындағы қайшылықты туындатады. Осы мәселелер бүгінгі қоғам талабына сай руханилық негізде 6-7 жастағы балаларды әлеуметтендірудің қажеттілігі мен педагогика және психология практикасында бұл мәселенің жеткілікті зерттелмеуі арасындағы қарама-қайшылықты көрсетеді.
Педагогтардың бала проблемасын мектептегі жүйелі оқытуға көшу кезіндегі болатын психологиялық қиындықтарын түсіну мәселесі жеткіліксіз зерттелген, сондықтан біз осы проблеманы шешуге өз назарымызды аудардық.
Жоғарыда айтылған мәселелерді саралай келе біз зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «6-7 жастағы балалардың мектепке бейімделуін психологиялық қолдау» деп белгіледік.

или напишите нам прямо сейчас:

Написать в WhatsApp Написать в Telegram
Заявка на расчет